ОРАЛ. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Орал қаласында 29 сәуір күні журналист Л.Ахмедьяровқа қастандық жасағандарға қатысты сот отырысы басталады.
Бұл қанды оқиға бұдан бір жыл бұрын орын алғаны мәлім.
БҚО ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, іс бойынша төрт адам ұсталған болатын. Асхат Тахамбетов қастандық жасауды ұйымдастырушы ретінде аталып отырса, тілшіні қанға бөктіргендер Мұрсалим Сұлтангереевтің автокөлігімен бой тасалаған. Алмаз Батырқайыров тапаншадан оқ атса, Манарбек Ақболатов жәбірленушіге пышақ жұмсаған. Оларға кісі өлтіруге әрекет жасады және ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты деген айып тағылып отыр.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).