ОРАЛ. ҚазАқпарат - 14 желтоқсан күні Орал қаласындағы автовокзалдың анықтама қызметіне белгісіз біреу ғимаратты жаратыны жөнінде хабарлаған.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, тиісті қызметтер оқиға орнына дереу жетіп, автовокзал қызметкерлері мен жолаушылар ғимараттан шығарылып, жақын маңдағы көшелер жабылды.
Жедел іздестіру шаралары барысында жұртты дүрліктірген Орал қаласының 1968 жылғы М. деген тұрғыны ұсталды.
Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).