ОРАЛ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдағы шағын бизнес нысандары 2008 жылы 56 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетті.
Орал қаласы әкімдігінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, қазіргі кезде қалада тіркелген шағын бизнес нысандарының саны 19 мыңнан асады, бұл 2007 жылғыдан 15 пайызға көп. Бұл салада 31 мың адам еңбек етсе, 2008 жылы 1417 қосымша жұмыс орны ашылды.
Қалада шағын кәсіпкерлікке көмек беретін 39 түрлі қауымдастық, қоғамдық бірлестіктер мен қорлар бар.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).