Аталмыш жарысқа Тверь, Тамбов, Саратов, Балаков қалаларынан спортшылар қатысты. БҚО-дан 12 бадминтоншы барды. Жарыс жас ерекшеліктеріне қарай ұйымдастырылды, яғни бозбала-жастардан бастап ардагерлерге дейін өнер көрсетті. БҚО бадминтон федерациясының аға әдістемешісі Владимир Лачугиннің айтуынша, оралдықтар барлығы жеті жүлдеге ие болды. Дмитрий Рублев жекелей сында да шеберлігін танытып, қола жүлдені иеленді.
11:21, 13 Қараша 2012
Оралдық бадминтоншылар Ресей жерінде өткен ашық чемпионаттан жеңіспен оралды
ОРАЛ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Оралдық бадминтон шеберлері Дмитрий Рублев пен Галина Тимофеева жұптасып өнер көрсетуден Саратов қаласының ашық чемпионатында жеңімпаз атанды.