ОРАЛ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің 8-сынып оқушысы Әсем Байдиева биыл дара өнерімен ерекше көзге түсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұдан бұрын ол Алматыда өткізілген жас орындаушылардың республикалық дәстүрлі байқауында үшінші орынды иеленген болатын. Ал таяуда V халықаралық «Астана-Мерей» жас орындаушылар байқауынан бұдан бір сатыға жоғарылап, екінші дәрежелі дипломмен оралды. Аталмыш байқауға 45 қобызшы қатысса, соның 21-і үлкен, 24-і кіші топта сынға түскен. Ә.Байдиева төменгі топтағылар арасынан екінші орынға көтерілді. Әсем қобызға екінші сыныптан бастап маманданып келеді. Жетекшісі - Мереке Хайырова.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).