ОРАЛ. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдық қос ару Анар Сатқанова мен Светлана Нығметова Алматы қаласында өтетін «Қазақстан аруы-2009» ұлттық байқауына қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оралдағы байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған он тоғыз жасар Анар Сатқанова - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті экономика факультетінің студенті. Ал бірінші орынды иеленген он жеті жасар Светлана Нығметова Орал қаржы-экономикалық колледжінде оқиды.
Өткен жылы «Қазақстан аруы-2008» байқауында оралдық Римма Тасқариева екінші орынды иеленген болатын.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).