ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына волейболдан Қазақстан құрамасы сапында Оралдан Виталий Вориводин мен Антон Кузнецов қатысады.
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, олардың екеуі де - «Конденсат-Жайықмұнай» командасының ойыншылары, жуырда Алматыда өткен VІ Азия кубогінің қола жүлдегері. Басқа да жарыстарда жүлде алып жүрген 1990 жылғы В.Вориводин спорт шеберлігіне үміткер болса, 1989 жылғы А.Кузнецов - спорт шебері.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).