11:52, 02 Сәуір 2009
Оралдық оқушы АСПРЯЛ/АКСЕЛС халықаралық білім жөніндегі американдық кеңестің бағдарламасы бойынша оқуға жолдама алды
ОРАЛ. Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің 9-сынып оқушысы Бақтияр Рахметов АСПРЯЛ/АКСЕЛС халықаралық білім жөніндегі американдық кеңестің бағдарламасы бойынша оқуға жолдама алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұстазы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тамара Нәбиқызының айтуынша, Бақтияр білім сайысының үш кезеңінен де сүрінбей өтіп, Америкада бір жыл бойы ақысыз оқуға мүмкіндік беретін грантты иеленді.
Өткен жылы осындай жолдаманы еншілеген аталмыш мектеп шәкірті Дәрмен Коктов қазіргі кезде АҚШ-тың Индиана штатында білім алуда. Ол мамыр айында елге оралмақ.