20:38, 21 Сәуір 2009
Оралдық оқушылар атамекеніне қайта оралған ақынмен кездесті
ОРАЛ. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Х.Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында белгілі ақын, атамекеніне таяуда ғана көшіп келген Қайрат Жұмағалиевпен кездесу кеші болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кеш қонағы Бөкей ордасында өткен балалық шағы туралы әңгімелеп, өмірінен сыр шертіп, өлеңдерін оқып берді. Ақынның балаларға арнап жазған жырлары да баршылық. Оқушылар Қайрат Жұмағалиевтің туындылары қойылған кітаптар көрмесімен де танысты.
Кеште сондай-ақ ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Айтқали Нәріков өз туындыларын балауса оқырмандар назарына ұсынды.