Оралдық оқушылар Қазақстан чемпионатынан жүлдемен қайтты

ОРАЛ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласындағы №38 орта мектептің екі оқушысы Астана қаласында жасөспірімдер арасында кір тасын көтеруден өткізілген ел чемпионатынан табыспен оралды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бапкер Досым Қуанаевтың шәкірттері Нұрсұлтан Жұматов 80 киләдан астам салмақта күміс медальды иеленсе, Азат Асылбеков 60 киләда қола жүлдегер атанды. Өткен жылы Таразда өткен ел чемпионатында Д.Қуанаевтың тағы екі шәкірті қола жүлдені еншілеген болатын. Аталмыш мектеп пен «Динамо» спорт қоғамы облыстық филиалы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға сәйкес оқушылар барлық жарыста осы қоғам атынан сынға түсуде.