Оралдық самбошы Тәжікстанда өткен Орталық Азия чемпионатынан күміс жүлдемен оралды

ОРАЛ. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдық самбошы Медет Оңдағанов Тәжікстанның Ходжент қаласында өткен Орталық Азия чемпионатынан табыспен оралды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдерінен қатысқан балуандар арасынан Медет 52 килә салмақта күміс жүлдені еншіледі. Бұған дейін де Азия чемпионы болып үлгерген М. Оңдағановтың бапкері ? Райымбек Меңдіғалиев. Енді ол маусым айында Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына әзірленуде.