ОРАЛ. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдық соғыс және еңбек ардагерлері Жайық бойымен «Бирюса» кемесімен саяхатқа шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш патриоттық іс-шараны «Нұр Отан» ХДП Орал қалалық филиалы мен қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесі партияның 10 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай ұйымдастырды. Шара мақсаты - өткенді ой елегінен өткізіп, жеткіншек ұрпақты өз Отанын сүюге тәрбиелеу, қазақ жеріндегі ынтымақ пен келісімді одан әрі орнықтыру. Филиал кеңесшісі Анатолий Ким мен ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмірхан Қарасаев, міне, осы туралы атап өтсе, саяхат барысында «Әжелер сәлемі» ансамблі өз өнерін көрсетті.
Мұндай саяхат дәстүрлі сипат алмақ.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).