ОРАЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қалалық көрме залында суретші Виктор Гофман-Котельниковтің көрмесі ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жиырма жылдай уақыт бұрын өмірден өткен қылқалам шебері негізінен өз туындыларын майлы бояумен салған. Линогравюраны қолданған сәттері де аз емес. «Жайықтың күзгі жағалауы», «Хан тоғайындағы көктем» суреттерінің аты айтып тұрғанындай, бұлар туған өлке табиғатын бейнелеуге арналған.
Қаладағы отыз жылдан астам тарихы бар көркемсурет мектебінің негізін қалаған суретшінің шәкірттері аз болмаған. Соның бірі, сәулетші Рустам Вафеев Санкт-Петербордан арнайы келді. Оның пікірінше, суретші дүниелері қарапайым да әдемі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).