Ер адам бұл соманы сканвордтарды шешу арқылы ұтып алды. Журналистер оралдық миллионерді іздестіргенде, Радкевич орталықта болмады. Оның досы Владимир Власов банкке кеткен шығар, деп мәлімдеді.
«Ол сканвордтарды шешіп, бір жаққа жіберіп жатты, сірә, Мәскеуге жіберген шығар, - деді Владимир Власов. - Одан кейін оған хат келді. Онда ұтыс туралы хабарланған және сауалнама жіберілген. Оны толтырып, банкіге тапсыруы тиіс болды, одан кейін ақша аударылмақшы екен. Ол сонда кеткен болуы керек, мен телефон соғып, хабарласа алмадым».
Фото: "Мой город"