ОРАЛ. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдық жасөспірімдер Наташа Бартель мен Вера Косарева Қарағанды қаласында өткен жеңіл атлетикадан қысқы ел біріншілігінен олжалы оралды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олар 1994-1995 жылы туған балалар арасында 3 мың метрге спорттық жүрістен күміс жүлдені еншіледі. Олардың екеуі де спорттағы дарынды балаларға арналған интернатта оқиды. «Динамо» спорт қоғамының намысын қорғайтын жеңіл атлеттерді С.Скакунов пен И.Мироненко жаттықтырады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).