ОРАЛ. Қарашаның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласының актив жиналысында Ел бірлігі доктринасы талқыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Онда қала әкімі Самиғолла Оразов баяндама жасап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ел бірлігі доктринасына айрықша маңыз беріп отырғанын атап көрсетті. Жиында сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Людмила Тенишева, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әмірхан Қарасаев, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Миргүл Қалабаева, БҚО халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қуанышбай Төлебаев ел өмірінде маңызы зор құжатты қолдайтындықтарын білдірді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).