ОРАЛ. Сәуірдің 25-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласының мекеме-ұйымдары, оқу орындары мен тұрғындары бүгін кезекті сенбілікке шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл ? тазалық және қаланы абаттандыру айлығы барысындағы үшінші сенбілік. Сәуірдің 18-і күнгі сенбілікке қалада отыз мыңдай адам қатысып, жиналған қоқыс қалдықтары қаладан шығарылған болатын. Бүгін осы жұмыстар тиянақталады. Сондай-ақ ағаш отырғызу жұмысы жүргізіледі. Қалада 25 мың түп тал егу жоспарланған. «Жасыл қала» МКК осы мақсатта 7760 түп түрлі ағаш қөшеттерін сатып алып, оларды басты көшелерге, алаңқайларға отырғызбақшы.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).