ОРАЛ. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Тамыздың 29-ында футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші лигасындағы командалар арасында кезекті турдың ойындары өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өз алаңында Тараздың ОСШИОСД командасын қабылдаған Оралдың «Ақжайығы» 2:0 есебімен жеңіске жетті. Оралдықтардан Руслан Хайыров пен Артур Авакянц мергендік танытты.
Бұл турда Семейдің «Спартагын» 5:1 есебімен ұтқан Алматының «Қайратының» еншісінде 39 ұпай болса, «Ақжайық» 37 ұпаймен екінші орында келеді.
Оралдықтар келесі ойынын өз алаңында қыркүйектің 9-ында «Түркістан» командасымен өткізеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).