2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Оралдың 'Ақжайығы' Саратовтың 'Универсалын' екі рет ұтты

ОРАЛ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Допты хоккейден Ресей чемпионаты бірінші лигасы екінші тобында өнер көрсететін Оралдың 'Ақжайығы' ақпанның 21-22-сінде Саратовтың 'Универсалымен' кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оралдықтар алғашқы ойынында 9:3 есебімен қарсыластарын тізе бүктірсе, екінші кездесуінде 5:3 есебімен жеңіске жетті. Қазіргі кезде өз тобында қарсыластарынан оқ бойы алда келе жатқан "Ақжайық" ақпанның 24-25-інде "Знамя" (Воткинск), 27-28-інде ЦСК ВВС (Самара) командасын қабылдайды. Содан кейін наурыз айының басында Богданович (Свердлов облысы) қаласында өтетін финалдық сайыстарға қатысады.