Оралдың «Ақжайығы» сырт алаңда «Тарланды» ұтты

ОРАЛ. 11 қазан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 10 қазан күні футболдан Қазақстан чемпионаты бірінші лигасының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» Шымкентте жергілікті «Тарланмен» шеберлік байқасты.

Аталмыш матчта бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Ойынның екінші кезеңінде оралдықтардан Николай Забродин мен сербиялық легионер Миленко Рашкович доп соғып, өз командасына жеңіс әперді.

Осы турдан кейін 53 ұпай жинаған «Ақжайық» әзірге үшінші орында келеді. Оралдықтар келесі ойынын 13 қазанда Қаратауда «Лашынмен» өткізеді.