17:12, 16 Сәуір 2009
Оралдың «Конденсатынан» ел құрамасына қос ойыншы шақырылып отыр
ОРАЛ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралдың «Конденсатынан» волейболдан ел құрамасына қос ойыншы шақырылып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Команданың тәжірибелі ойыншыларының бірі Қайрат Байбеков пен Виталий Вориводин (олардың екеуі де ? Орал волейболының түлегі) мамырдың 5-інде атақты жаттықтырушы Геннадий Паршин баптайтын Қазақстан құрамасымен бірге Түркияға аттанбақшы. Онда қазақстандықтар Қытайдың Тайпэйінде мамырдың 22-24-інде өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне әзірленбекші.
Биылғы ел чемпионатында сондай-ақ тағы бір оралдық жас ойыншы Мирлан Бадашев та жақсы өнер көрсетті.