«Облыстық көші-қон басқармасына жетудің өзі оңай емес. Ол Талдықорғанда орналасқан, ол жаққа барып-келудің өзі 600 шақырымдай жер. Оған қоса, арада өз қызметтерін ұсынған небір делдалдар жүреді. Бірнеше рет аузымыз да күйді. Басқарма қызметкрелері біздің ауданымызға келіп, квотаға құжаттарды осы жерде қабылдауға болмас па екен?», - дейді оралман Имаш Жұмаш.
Аудандық әкімдікте мемлекеттік квотаға құжаттарды ресімдеу кезінде сол жерде заңгерлік және тәжіибелік көмек көрсететін көші-қон басқармасының өкілі жоқ. Алматы облысының барлық ауданында осындай жағдай қалыптасып отыр.