Оралмандар үшін салынып жатқан «Бәйтерек» ауылында инфрақұрылым жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр

ТРОПАВЛ. 30 шілде. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданындағы оралмандарға арнап салынып жатқан «Бәйтерек» ауылында инфрақұрылым жұмыстары қызу жүріп жатыр.

102 миллион теңгенің тендерін жеңіп алған «Су-808» ЖШС қазір ауылда жол салып жатыр. Жолшылар жұмысқа 15 шілдеде кірісті, жоспарланған жұмыс көлемі тамыз айының ортасына қарай аяқталып қалады.

Жол-құрылыс компаниясының директоры Виктор Лидің айтуынша, биыл кәсіпорын ені 6 метрлік 2200 метр асфальт жолын және 2800 метрдей құм-тас қоспалы жол төсеуі керек. Оған қоса, жол жиектерін реттеу жұмыстары тағы бар.

«Бәйтеректе» инфрақұрылым тарту жұмыстары қызу қарқынмен жүріп жатыр. Биыл ауылға тағы 100 отбасын жайғастыру жоспарлануда.