Атап айтқанда, қатысушылар қол күресі, тоғызқұмалақ, кір тасын көтеру, арқан тарту, асық ату тәрізді ойындарда өз бақтарын сынай алады. Шараны 17 шілде күні сағат 14.00-де «Нұр Астана» мешіті өткізеді. «Сонымен қатар мерекелік іс-шаралар өтеді және жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар бар» делінген хабарламада.
22:36, 16 Шілде 2015
Ораза айт мерекесіне орай Астанада ұлттық ойындар сайысы өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ораза айт мерекесінде ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру мақсатында ересектер мен жастар арасында ұлттық ойындардан жарыс өткізілмек, деп хабарланған «Нұр Астана» мешітінің Фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.