Орталық Азия елдерінің президенттері UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орталық Азия елдерінің басшылары чемпионатқа қатысушылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі. Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттеріне судағы жарыстарға арналған болид таныстырылды.
Фото: Ақорда
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұдан соң Орталық Азия мемлекеттерінің көшбасшылары бір мезгілде символикалық тетікті басып, су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының «Қырғызстан Республикасы — Ыстықкөл 2026 гран-при» кезеңін ресми түрде ашты.
Фото: Ақорда
Жарыстарға БАӘ, Аустралия, Канада және басқа елдердің намысын қорғайтын 8 команда мен 18 спортшы қатысып жатыр.
Фото: Ақорда
Қырғызстанда алғаш рет өткізіліп жатқан сайыс республика тарихындағы ең ірі халықаралық спорттық-мәдени іс-шара саналады.
Фото: АқордаФото: Ақорда
Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барғанын хабарлаған едік.
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.