"Синьхуа" агенттігінің ақпаратына сүйенсек, ежелгі ағаш Цзинганшань тауының етегіндегі шағын ғана Михуа ауылында сақталып қалған. Соншама ғасыр өткеніне қарамастан ол өз келбетін жоғалта қоймаған. Жергілікті орман шаруашылығы, ғылым және техника жөніндегі ведомство мамандары жүргізген өлшеу қорытындысы оның діңінің 6,2 метрді, ал биіктігі 30 метрді құрайтынын көрсетті. Ауыл тұрғындарының хабарлауынша, ағаш жыл сайын күздің соңына таман жеміс береді.
20:59, 09 Шілде 2010
Орталық Қытайда жасы 1600 жыл деп есептеліп отырған сирек кездесетін ағаш түрі табылды
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат - Орталық Қытайдағы Хунань провинциясының Яньлин уезінің аумағынан жасы 1600 жыл деп есептелген ағаш табылды. Бұл туралы жергілікті әкімшілік өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды "Синьхуа" агенттігі.