ОРАЛ. 15 шілде. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 81993 теңгеге жетті.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жоғары еңбекақы әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында 172 мың теңгені құрап, облыстық көрсеткіштен 2,1 есеге асып түсті. Сондай-ақ құрылыста - 156,1 мың теңге (1,9 есе), өнеркәсіпте - 136,3 мың теңге (1,7 есе), қаржы және сақтандыру қызметінде 106,2 мың теңге (1,3 есеге көп) болды.
Ең төменгі жалақы өнер, ойын-сауық және демалыс саласында, мұндағылардікі облыстық көрсеткіштің 47,0 пайызын құрайды.
Облыста аумақтық жағынан алғанда, ең жоғары жалақы Бөрлі ауданында (195,0 мың теңге), бұл облыстық орта көрсеткіштен 2,4 есеге артық.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).