Өртеніп кеткен көліктің ішінен ер адамның мәйіті табылды - ҚР ТЖМ

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше таңертең Алматы облысындағы «Терең қара» демалыс аумағында белгісіз себептермен «ВАЗ» көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Оқиға орнында 45 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Өрт өздігімен өшті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі шақырылған жоқ.