Бұл туралы ҚТЖ «Жолаушылар тасымалы» АҚ ҰК баспасөз қызметінен хабарлады.
2017 жылдың 9 наурызы күні Қарағанөзек-Қарабас аралығында «Астана-Сарыағаш» бағытындағы №86 жолаушылар пойызының вагонында өрт шықты. «Зардап шегушілер жоқ. Оқиғаның себебі анықталуда, содан кейін тиісті шаралар қолданылады», - делінген таратылған мәліметте.
Бұған дейін хабарланғандай, пойыз қызметкерлері жолаушыларды өз күштерімен эвакуациялап, өртке оранған вагонды тіркеуден ағытқан еді. Өрттің жалпы аумағы 30 шаршы метрді құрады, 3 купе, электрқалқаны, төсек-орын жабдықтары жанып кетті.