ОРАЛ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Антонина Казанина Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінде үздік оқып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бастапқыда қазақ балабақшасына барып, одан кейін аталмыш мектепке қабылданған Антонина қазір үшінші сыныпта. Оның әкесі Юрий Казаниннің айтуынша, қазіргі кезде екінші қызы да «Жұлдыз-ай» атты қазақ балабақшасына барып жүр. Ең бастысы, олар жүрек қалауына байланысты мемлекеттік тілді меңгеруде.
А.Казанина сабақты үздік оқумен бірге түрлі үйірмелерге қатысып, талабын шыңдап жүр. Әсіресе, ол қазақ тілінде ән салғанды ұнатады. Ол болашақта елінің алдыңғы қатарлы азаматы болуды армандайды.
Балаларын қазақ мектебіне берген өзге ұлт өкілдері Оралда аз емес.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).