деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.
Хэтуэймен бірге номинанттарды Америка киноакадемиясының президенті Том Ширак (Tom Sherak) таныстырады. «Оскар» жүлдесі үміткерлерінің қысқа тізімі ақпанның 2-сінде Лос-Анджелесте өтетін арнайы салтанатта жарияланады. Америка киноакадемиясы марапатының иегерлері наурыздың 7-сінде белгілі болады.
Энн Хэтуэй 2009 жылы «Рейчел күйеуге шығады» («Rachel Getting Married») фильміндегі басты рөлді сомдағаны үшін «Оскар» номинанты болған еді. Ол кезеңде, ең үздік актриса наградасы «Жыршы» фильміндегі жұмысы үшін Кейт Уинслетке берілген болатын.