Бүгін әкім студенттермен және жастармен кездеседі, ал кеше, жұма күні Ислам Әбішев Жібек маталар комбинаты ұжымымен және Аблакетка ықшамаудандарының тұрғындарымен екі кездесу өткізген болатын.
Аблакетка тұрғындарымен болған кездесуде Ислам Әбішев өткен жылғы кездесуге көтерілген осы ықшамауданның проблемалары бойынша атқарылған жұмыстарға талдау жасады. Атап айтқанда, Өнеркәсіптік база ауданындағы №8 қазандық «Өскемен жылу желісінің» қарамағына беріліп, иесіз болудан қалды, шетте орналасқан Геологиялық көшесінде дәріхана ашылды, Челюскин көшесіндегі аула жөндеуден өткізілді, Аблакеткадағы шағын айлаққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, кәрі ағаштар кесіліп, жас көшеттер отырғызылды, Шлюзный көшесіндегі жарықтандыру жүйелері жөнделді, құлағалы тұрған үйлерден 16 отбасы көшірілді, қаңғыбас иттер аулана бастады және бұл жұмыстардың барлығы биыл да жалғасын табады. Оған қоса, ықшамауданды ыстық сумен қамтамасыз ету жобасының жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.