Өскемен қалалық сотына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған болып шықты

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Өскемен қалалық сотының ғимаратына жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған болып шықты.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

«Кеше түстен кейін «102» пультіне қалалық сот ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді ақпарат түсті. Арнайы жүргізілген іс-шара барысында жарылғыш зат табылмады», - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Төтенше жағдайдың алдын алуға шұғыл әрекет ету қызметі, оның ішінде ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 5 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылған.