Ашық сабақ барысында интерактивті дамыған әдістер, викториналар, рөлімен ойнайтын ойындар қолданылды, сонымен қатар мұғалімдер Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы дайындаған ҚР Білім және ғылым министрлігінің әдістемелік кеңестеріне де сүйенді.
Айта кетейік, бүгін Өскемен қаласында 30 906 бала мектепке барса, оның 2 800-і бірінші сынып оқушылары, 2 350 бала мектеп табалдырығын жаңа аттаған 6 жастағылар, ал биылғы түлектердің саны 2 086 оқушы.