Автокөлік багажын тексеру кезінде табылған екі қорап ішіндегі күдікті заттың марихуана екенін сараптама растады. Бұрын істі болған 44 жастағы жүргізушіден алынған есірткінің жалпы салмағы 31 келі, 812 грамм, - деп хабарлады облыстық ІІД.
Ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтау фактісімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері ұстаған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.