Өскеменде алдағы мереке күндері Халықаралық бал фестивалі өтеді

ӨСКЕМЕН. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Алдағы жексенбіде Өскеменде халықаралық бал фестивалі өтеді. Оған Ресей, Қытай, Украина, Израиль, Сауд Арабстаны және тағы басқа елдердің ғалымдары, бизнес-топтардың өкілдері және омарташылары қатысады.

Фестиваль аясында жәрмеңкелер, ара өсіру шаруашылығын дамыту жөніндегі «дөңгелек үстел» отырыстары, саланың әлемдік және аймақтық контекстегі ортақ проблемалары мен жаңа технологияларын талқылау жоспарланып отыр.

Фестивальге Қазақстанның «Бал Ара» Омарташылар одағының президенті Сергей Терещенко қатысады деп күтілуде.

«Бал фестивалінің» қонақтары сондай-ақ, Конституцияның 15 жылдығы мен Өскеменнің 290 жылдық мерейтойларына арналған мерекелік іс-шараларға да қатысады.