Салтанатты шараға ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев, Астана әкімінің орынбасары Ермек Оспанов пен Өскемен қаласының әкімі Ислам Әбішев қатысты.
Бұдан бірнеше күн бұрын Өскемендегі Солнечная көшесінің тұрғындарына сауалдама жүргізгенде, олардың 80 пайыздан астамы көше атын өзгерту, оған Астана аты лайық деген лебіз білдірді. Енді, міне, елордалықтар көшенің салтанатты ашылуына қатысты. Делегация құрамындағы белгілі мәдениет қайраткерлері бұл шараны ел Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған игі қадам деп бағалап отыр.