Өскеменде автобустың жүргізушісі аялдамада тұрған балаларды қағып кетті

ӨСКЕМЕН. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Өскеменде №47 бағдарлық автобустың жүргізушісі адамдар тұрған аялдамаға шығып кетті.

Автобустың жолында қалған 8 жасар бала басының ауыр жарақаттарымен және 14 жастағы жеткіншек «бас сүйек-ми зақымы», «ми шайқалуы» диагноздарымен Ана мен бала орталығына жеткізілді. 47 жастағы әйел иық және шынтақ тұсынан жарақаттанды. Бұл факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде, деп хабарлады жол полициясынан.