Оқиға орнында жеке құрамнан 14 бірлік техника, 58 адам жұмыс істеуде. Өрт сөндірушілер келгенше адамдар үй-жайдан шығып үлгерген. Оқиға орнында «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар ықзметі» зертхана және тергеу қызметкерлері жұмыс істеуде.
Алдын ала нұсқа бойынша 3 нұсқа пысықталуда: электр жабдығының апатты режімі, электр жабдықтарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, отты абайсыз қолдану. Жалын алаңы шамамен 140 шаршы метрді қамтыды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ.