Өскеменде экологиялық қауіпсіздік мәселелері талқыланды

КЕМЕН. 26 қазан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде қала әкімі Ислам Әбішев «Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов және Экономикалық, технологиялық және атомдық бақылау жөніндегі Федералды қызмет жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі,

химия ғылымдарының докторы Федор Лобановпен бірге қаладағы экологиялық қауіпсіздік бағыттарын талқылады. Бұл туралы әкімнің баспасөз қызметінен хабарлады.

Қаладағы негізгі экологиялық мәселеден басқа кәсіпорындарда газанализаторларын орнату, газдандыру, тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу сияқты басқа да мәселелер талқыланды.

Ф.Лобановтың айтуынша, Өскемен қаласының экологиялық жағдайы оған жақсы таныс. «20 жыл бойы мен осында жиі келіп жүрмін. Қазақстан-Америка Еркін университетінің ректоры Ережеп Мамбетқазивпен бірге белсенді жұмыс атқарамыз. Қалаларыңыз айтарлықтай өзгергені көңілге медеу ұялатады. Эколог ретінде сіздердің көптеген бастамаларыңызға тек қуанамын», - деді ол.

Ал өз кезегінде Мэлс Елеусізов қазіргі таңда Өскемендегі тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін кәсіпорынның жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын жеткізді.

«Екі экологтың бірлескен күш-жігері біздің қаламызға оң нәтижесін береді деп ойлаймын. Оның үстіне сіздердің тараптарыңыздан араласуды талап ететін мәселелер бар», - деді қала әкімі И.Әбішев өз сөзінде.