Өскеменде эпидемия маусымында тыныс жолы жіті вирустық инфекциясын жұқтырудың 17 300 оқиғасы тіркелді

ӨСКЕМЕН. Желтоқсанның 3-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде эпидемия маусымында тыныс жолы өткір вирустық инфекциясын жұқтырудың 17 300 оқиғасы және тұмаудың ((В-1, А-1) екі оқиғасы тіркелді.

  Былтырғы  жылғы маусыммен  салыстырғанда,     вирус инфекциясын жұқтыру оқиғалары  1,7 есеге    көп,   деп   хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен. 

Маусым  басталғалы  бері,   қыркүйектің 29-ынан   бастап    стационарларға тыныс жолы өткір вирус   инфекциясы  және тұмау   диагнозымен   426 адам    жатқызылған.    Олардың     365-і  (85,6   пайызы) -  балалар,    тұмау мен   вирус инфекциясы салдарынан  кісі  өлімі   орын  алған   жоқ.

Барлық  емдеу-профилактикалық  ұйымдарда,  отбасылық-дәрігерлік амбулаторияларда,   балабақшалар  мен мектептерде    оқшаулау  шаралары     жүргізілді.