17 жастағы бозбала өзен жағалауындағы қоршауға шығып алып, селфи жасамақ болған. Кенет ол құлап кетіп, суға кеткен, деп жазады YK-news.kz.
Шығыс өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағының (ШӨАЖҚЖ) өкілдері әзірше тек су бетінде іздеу жұмыстарын жүргізе алатындығын жеткізген. Мұндай ағыс қатты кезде сүңгуге тыйым салынған.