Өскеменде Хонда жүргізушісі шам бағанына соғылып, қазаға ұшырады

ӨСКЕМЕН. 14 шілде. ҚазАқпарат - Өскеменде Хонда жүргізушісі бұрылыста шам бағанына соқтығысты. Соққы салдарынан автомобиль өртеніп, жүргізуші апат орнында қазаға ұшыады.

Жол-көлік оқиғасы Өскемен ГЭС-інен облыс орталығына баратын жолда Аблакетка шағынауданы көшелерінің бірінде болды.