Жаңа бірегей орталық бұрынғы «Оқушылардың еңбекке үйрету және кәсіби дайындау мектебі» мемлекеттік кәсіпорнының базасында ашылып отыр және қыркүйектің 1-інен бастап бұл жерде жаңа өмір басталады.
Директор Бейбіт Ысқақовтың айтуынша, бұл мектепте денсаулық жағдайларына байланысты оқудың дәстүрлі түрлерін пайдалана алмайтын, үй жағдайында оқитын жоғары сынып оқушылары мен түрлі жағдайларға байланысты мектепті аяқтай алмай қалғандар білім алатын болатын. «Оқуды аяқтағаннан кейін, біздің түлектер басқалармен бірдей Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыса алады», дейді Б.Ысқақов.
Келешекте мектеп қабырғасынан қандай да бір жұмысшы кәсібін алып шығу мәселелері де шешімін таппақ, әзірге бұл мәселе зерттелуде.
Мектеп басшысының айтуынша, мұндай қашықтықтан оқыту мектебі Қазақстанда алғаш рет ашылып отырған көрінеді. Интернет арқылы сабақ Өскеменнің білім беру порталының көмегімен жүргізілетін болады.
Орталықтың тұсаукесер рәсіміне қала мен облыстың атқарушы биліктерінің басшылары қатысты.