Мемлекеттік бағдарламаның екінші бесжылдығында атап өтілгендей, Шығыс Қазақстанда 8,6 мың тұрақты жұмыс орнын құра отырып, сомасы 470 млрд. теңгеге 32 жоба іске асырылатын болады.
ҮИИДМБ екінші басжылдығының ірі жобаларының ішінде - «КазХимТехснаб» ЖШС кальций гидроксидің дайындау, «Мақсұт» кен орнында кенді байыту цехын салу, Ақтоғай КБК, металлургиялық кешен құрылысы, «Бақыршық» кен орнында жер асты кенін әзірлеу, толық циклды автозауыт және «АЗИЯ АВТО ҚАЗАҚСТАН» авто құралдарын өндіретін технопарк салу бойынша өндірісті жаңғырту бар.
Айтқандай, ҰКП сарапшылары қазір қазіргі кезеңді (мұнайға бағаның түсуі, ресей-батыс форматындағы санкциялар) ескеріп, отандық өндірушілерді, ДСҰ-ға кіру шеңберінде Қазақстан қабылдаған міндеттемелерді қолдау шараларын пысықтауда.
Палата отандық өндірушілермен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» компанияларымен ұзақ мерзімді шарттар жасасу арқылы қазақстандық қамтуды ұлғайту жұмыстарын жандандыру қажет деп санайды. Қорландыру қолжетімділігі бойынша бірқатар ұсыныстар дайындалды.