Өскеменде қатты жел көптеген ғимараттарды зақымдады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде аяқ астынан ұйытқыған желдің екпіні ағаштарды құлатып, жарнама баннерлерін аударып, кей ғимараттардың шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жедел кезекші қызметкер мен коммуналдық қызмет өкілдері қаланы аралап, факті жинап жатқанын хабарлады. ШҚО ТЖД ақпаратына сәйкес 112 және 101 желісі бойынша Өскемен, ШҚО аудандары тұрғындарынан 100 қоңырау түскен.

Құрбандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Тәуелсіздік даңғылындағы шағын аудан ішінара суық судан ажыратылған. Жедел қызметкердің айтуынша, электр желілері үзілгендіктен, суық су айдайтын қондырғы істен шыққан.