Бал жәрмеңкесі ежелгі Алтайдың омарташылары ұсынып отырған алтай балдарынан дәм татумен басталды. Шығыс Қазақстанның Қатонқарағай, Бородулиха, Ұлан, Шемонаиха аудандары мен Ресейдің Алтай өлкесінің ара шаруашылықтары өз өнімдерінің түр-түрлерін келушілерге ұсынып отыр.
Бал фестиваліне қатысушы Қазақстан мамандары мен Қытай, Ресей, Тәжікстан, Германия, Израиль, Моңғолия және Қырғыз елдерінен келген қонақтар кешегі басқосуда ара шаруашылығын дамыту мәселелерін талқылады. Ал бүгін, бал жәрмеңкесі аяқталғаннан кейін, араның үздік түрін өсірумен айналысатын омарташыларға - аттестаттар, үздік омарташыларға - сыйлықтар табыс ету рәсімі өтеді.