Өскеменде қазақстандық полицияның мерейтойына орай шағын футболдан чемпионат өтті

ӨСКЕМЕН. 27 маусым. ҚазАқпарат - Өскемендегі «Динамо» спорттық қоғамының дене шынықтыру-спорттық филиалында шағын футболдан чемпионат өтті.

ҚР ішкі істер органдарының құрылғанына 20 жыл толуына арналған жарысқа 90-нан астам адам қатысты.

Командалық есепте бірінші орынды Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД спортшылары жеңді. Екінші орында - қаржы полициясының командасы. Жарыстың қола жүлдесі кедендік бақылау департаментінің қызметкерлеріне бұйырды.

Қазылар алқасының шешімімен үздік ойыншылар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды, деп хабарлады ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.