Өкінішке қарай, қолға алынып жатқан шараларға, атап айтқанда кәсіпкерлермен қол қойылған ең төменгі сауда үстемелері, демалыс күні жәрмеңке өткізу, әлеуметтік бағадағы нан сату жөніндегі меморандумдар және тағы да басқа шараларға қарамастан жыл соңында Өскемен қаласы бойынша тұтыну және қызметтер тарифтері 108,1 пайызға қымбаттап кеткен. «Бұл бір әкімшілік шара арқылы мәселені шешу мүмкін емес дегенді білдіреді. Ең қажетті азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөнінде нарықтық механизмдерді пайдалану керек, міне, сол үшін коммуналдық көтерме баға базарын құру жоспарланып отыр. Оның қызметі инфлациялық үдерістер үшін бағаны ұстап тұратын факторға айналады», - дейді Өскемен қаласының әкімі Ислам Әбішев.
Естеріңізге салар болсақ, былтырғы жылы Өскеменнің кәсіпкерлерімен ең қажетті азық-түліктерге, ұнға, нан, сүт, ет, өсімдік майы, шекер, жарма, жеміс-жидек, жұмыртқа бағасына ең төменгі үстемелер қосу туралы 812 меморандумға қол қойылған болатын. Ал баға тұрақтандыру қорынан бөлінген астық нан бағасын осы күнге дейін бұрынғы бағада сатуға мүмкіндік берді. 1 сұрыпты ұннан дайындалған әлеуметтік нан жыл бойы сауда желілерінде бір бөлкесі үшін 43 теңгемен сатылып келді. Демалыс күндері 23 жәрмеңке өткізілді.
Алайда, көріп отырғанымыздай, инфляцияны ұстап тұру мүмкін болмады.