Бас жіктелімде тараздық шабандоз Шәкір Әділов жеңіске жетті. Тау патшасының жейдесін Ақмола облысы командасының мүшесі Евгений Гидич иеленді, ал Қарағанды облысынан келген Роман Василенков осы жарыстың ең белсенді шабандозы атанды.
7 күнге созылған жарысқа 128 жас спортшы қатысты. Апта бойы спортшылар 80 шақырымға созылған бес топтық жарыстан, 36 шақырымдық критериум жарысынан және 20 шақырымдық жеке жарыстан өтті.
«Қазақстан оқушысы» - бірегей веложарыс. Әр жылдары ондағы қатысушылар мен жеңімпаздар арасында танымал қазақстандық велошабандоздар: Александр Винокуров, Андрей Кивилев, Андрей Кашечкин, Дмитрий Фофонов, Александр Шефер, Асан Базаев, Роман Киреев, Андрей Мизуров, Сергей Третьяков болды.
Алғашқы 30 жыл бойы жарыстар Алматыда өткізілді. Шығыс Қазақстан жолдарында олар биыл 13-ші өтіп отыр.
Биыл «Қазақстан оқушысына» еліміздің көптеген аймақтарының балалар-жасөспірімдер спорттық мектептерінің командалары қатысты. Қаржыландырудың жеткіліксіз болуынан оған велоспорттың дәстүрлі күшті мектептері бар Павлодар және Орал командалары қатыса алмады.
Жарыстың ұйымдастырушылары - ҚР Білім және ғылым министрлігі және Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің қолдауымен ҚР велосипед спорты федерациясы. Жарыстың сыйлық қоры 700 мың теңгені құрады.